Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Жұма, 26.04.2024

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ

Алматы, 2006 жыл. 8 том. 249 бет.

ТАС  ӘУЛИЕ, Әулие тас - киелі орын.  -   Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,  Таскескен ауылынан 8 шақырым  күншығыста Қарақол өзенiнiң жағасында орналасқан. Тас дәуірінің тарихи-мәдени ескерткіші. Биiктiгi 60 - 70 метрдей,  құс айналатын, алды тiк, жон арқасы доғал жартастағы алты қанат киiз үй көлемiндей үңгiр. Үңгiрдiң iшкi қабырғасында қашалған таутеке суреттерi, түпкi iргеде көне дүние адамдары тынығатын  төсек тәрiздес жалпақ тас,  от жағатын орны, қонысы болды. Т.ә.ү-не келгендер үңгiр кiреберiсiндегi долана ағашына ырымдап шүберек байлайтын, iшiндегi қол жетер биiкте айнала бiткен қарлығаш ұясындай кертiктерге  тиын қалдыратын. Бiр Аллаға сиынып түнейтiн. Үңгiр iшiнде түпкi бұрышынан шығып iшкi екiншi iргесiне сiңетiн мөлдiр тұмалы бұлақ көзi   болды. Осы маңнан үзiлмей өтетiн сауда керуендерiнiң легi, Тарбағатайдың  күнбатыс тұмсығындағы  осынау оқшау бiткен табиғат тәңiрiндей, қиналғанда демеу болар қорғаушыдай көрiнген   сұлу кескiнге таңданатыны анық едi.  Келгендер шипалы деп, сусындап, түнеп, қайғыдан арылу үшiн мiнәжәт ететiн, ауыру қайғысынан айығатын. 

1976 жылы Қазақ КСР Су шаруашылығы министрлiгiнiң шешiмiмен Таскескен су қоймасын салу жұмыстарында Қарақол өзенiнiң жиек жарқабағында орналасқан Тас әулие (Әулие тас) үңгiрi қопарылып, көнеден жеткен мәдениет ескерткiшi Кеңестiк кезеңде жойылып, орны ғана қалды. Т.ә.ү –i  қопарылып жойылғанға дейiн сол өңiрдiң қызықтайтын тарихи -мәдени ескерткiшi болды. Үңгiрдi көзiмен көргендердiң бiрi  Жарқын Шәкерiм баспасөз беттерiнде көптеген зерттеу мақалаларын жазды.

Әдеб.  ҰЛТТЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯДА көрсетілген Жарқын Шәкерiмнiң Таскескеннің тас мұралары жайлы жазған мақалалары:  Үшбұлақ – Таскескен таңбалары. “Лениншiл жас”, 1969 жыл, 27 маусым.   Таскескендегi талқандалған тастар. “Халық кеңесi” газетi, 1993,  7 қазан.   Таскескендегi таңбалы тастар, “Халық кеңесi” газетi, 1993, 14 қаңтар.   Әулиетас неге қирады? “Қазақ әдебиетi”, 2000, № 13

 

Елбасы, Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Таскескен ауылынан шыққан үш бірдей азамат Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, құрметті атағына ие болды. Олар: Біләл Ысқақ, Әубәкір Рахым, Жарқын Шәкәрім

Таскескен ауылының жастары би апа, абыз апа, кейуана Дәмен апамен, ХХ ғасырдың  1967 жылы суретке түскен. 

1976 жыл. 24 маусым. "Вечерняя Алма-Ата" газеті. Мен жөніндегі мақала.

Ұлы Отан соғысында қан майданда кеудесін оққа тосқан Таскескеннің батыр жігіттері. Ардагер ағаларымыз.

Балауса балғын шақ. Марат Шәкәрім інісі Жарқын Шәкәріммен.

Таскескен мектебінің 8 сынып оқушысы Жарқын Шәкәрім.

1964 жыл. Біздің 11 сынып оқушылары.

1965 жылы Таскескен ауылының жастары Семей қаласында фотосуретке түскен.

Таскескен жеріне түскен Аспан тасы - Метеорит. Мәскеу мұражайында тұр.

 

Асапан тасы (метеорит) ХІХ ғасырда, 1840 жылдың 9 мамыр күні ғарыштан жеткен. Түскен жері, Таскескеннен Қарақол өзені бойымен жоғары, Ақшәулі шыңына жақын, Қызыл белдеу жотасы. Сондықтан аспан тасына «Қарақол»  атауы берілген. Жерге түскен бойда орыс көпестерінің қолына ілгіп, Санкт-Петербордағы Ресейдің императорлық музейіне тапсырылған. Бұл күндерде Мәскеудегі, ғарыштан жеткен заттар, музейінде сақтаулы тұр. Мәскеуге барып Аспан тасын көзіммен көрдім. Шет жұртқа, бөгде адамдардың қолында кеткен  қазақ даласының қайран асыл мұралары ай дегім келді. Амал не, енді не деуге болады!

 

Таскескен өңіріне түскен аспан тасын - "Қарақол" метеоритін елімізге қайтару жөнінде "Қазақ әдебиеті" газетінде, 2006 жылдың, 10 қараша күнгі санында жарық көрген менің мақалам.

 

Қарақол өзенінің жоғарғы жағында белгіленген ноқат, нүкте  аспан тасының түскен жері. Жол мен Қарақол өзенінің қиылысында көрсетілген кішкене дөңгелек Таскескен ауылы. 

 

Жарқын Шәкерім. "Таскескен тастары" альбомынан. "Ортакөң" деген жердегі аңшының таңбасы. Жарқын бұл суретті 1964 жылы тушпен салған. Сурет "Лениншіл жас" газетінде, 1969 жылдың, 27 маусым күнгі санында жарияланды.

 

 

1982 жылдың 6 шілдесі күні "Социалистік Қазақстан" газетінде, Таскескен ауданының құрылуымен құттықтаған "Таскескеннің табыстары" деген мақалам жарияланды.

Жарқын Шәкерім. "Таскескен тастары" альбомынан. Таскескен өңіріндегі, "Үркімбай" деген жердегі жазуға ұқсаған таңбалар. Жарқын Шәкерімнің 1964 жылы тушпен салған суреті. Сурет "Лениншіл жас" газетінің 1969 жылғы 27 маусым күнгі санында жарияланды.

Жарқын Шәкерім. "Таскескен тастары" альбомынан. "Ортакөң" деген жердегі қолына садақ ұстаған адам. 1964 жылы Жарқын Шәкерімнің қолымен, тушпен салған суреті. Сурет 1969 жылы  "Лениншіл жас" газетінің 27 маусым күнгі санында жарыққа шықты.

1980 жылы, 17 қазан күні, Семей облысында Таскескен ауданын құру жөніндегі Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі С.Имашевтың қолымен берілген Указы. 

 

1982 жылдың 6 шілдесі күні "Социалистік Қазақстан" газетінде, Таскескеннің аудан болып құрылуымен құттықтаған "Таскескеннің табыстары" деген көлемді мақалам жарық көрді.

Хостинг от uCoz