Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Бейсенбі, 25.04.2024

"САЗГЕН"

"САЗГЕН" АНСАМБЛІН 1980 ЖЫЛЫ  ҰЙЫМДАСТЫРДЫМ.

 АЛҒАШҚЫ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ БОЛДЫМ.

 

1980 жыл. 1 тамыз.  Қазақ ССР Министрлер Кеңесі  Республикалық халық музыка аспаптары музейін ашу жөнінде   №358 реттік санымен  Жарлық шығарды.

 

Қазақ ССР  Мәдениет Министрі Жексенбек Еркімбеков 1980 жыдың 4 қыркүйек күнгі  №556 бұйрығымен Жарқын Шәкәрімовты  тұңғыш ашылған Респубикалық халық музыка аспаптары музейінің тұңғыш директоры етіп тағайындады.

 

   Жексенбек ЕРКІМБЕКОВ

Мұражайдың ашылуына сол кездегі  Қазақ ССР Мәдениет Министрінің орынбасары Өзбекәлі Жәнібеков ұйытқы болды.

  

Өзбекәлі ЖӘНІБЕКОВ

 

Қазақтың көне музыкалық аспаптарын зерттеудің негізін қалаған, ғұлама ғалым Болат Сарыбаевтың  еңбектерін Өзбекәлі Жәнібеков  қолдады.

    

Өзбекәлі ЖӘНІБЕКОВ:  « ...Музей экспозициясын орналастыруға кірістік.  Музейдің тақырыптық-экспозициялық жоспарының негізіне Б.Сарыбаевтың  Өзбекстанда өткен конгресте жасаған ғылыми баяндамасы алынды»(Өзбекәлі Жәнібеков, «Тағдыр тағылымы» кітабы, Алматы, «Рауан» баспасы, 1996 жыл, 103 бет). 

 

Ғұлама ғалым Болат САРЫБАЕВ

 

Жарқын ШӘКӘРІМ: -  Жаңадан ашылған музейдің тұңғыш директоры ретінде

өз қолыммен бұйрық беріп, тұңғыш қызметкерлерді жұмысқа қабылдадым.

Олар: Таласбек Әсемқұлов, Роза Қабдешева, Ботакөз Құспанова, Қожахмет Мұсабеков, Ерлан Қуандықов, Майра Ысқақова, Зәбира Жәкішева, Сәуле Боранбаева, Оразғазы Бейсенбаев,  Күләнда Айтова, Омар Хаймулдин

 

Өзбекәлі ЖӘНІБЕКОВ:   «Музейді ұйымдастырудың басты ауыртпалығы оның алғашқы директоры Жарқын Шәкерімовтың, аспапшы-шеберлер Оразғазы Бейсенбаевтың, Дәркембай Шоқпаровтың үлесіне тиді» (Өзбекәлі Жәнібеков, «Тағдыр тағылымы» кітабы, Алматы, «Рауан» баспасы, 1996 жыл, 126 бет.)

 

Өзбекәлі ЖӘНІБЕКОВ  1980 ЖЫЛЫ "САЗГЕН"  АНСАМБЛІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕ МУЗЕЙДІҢ ТҰҢҒЫШ ДИРЕКТОЫ  ЖАРҚЫН ШӘКӘРІМОВҚА ТАПСЫРМА БЕРДІ.

Өзбекәлі ЖӘНІБЕКОВ: «Музыкалық аспаптар мұражай сөрелерінде босқа ілініп тұрмасын. Ескілікті музыкалық аспаптар үнін құлаққа тыңдатыңдар. Мұражай қызметкерлерінің күшімен «Сазген» ансамблін үйымдастыруды және көркемдік жетекшісі болуды мұражайдың тұңғыш директоры Жарқын Шәкәрімовқа тапсырамын.»

(«Мәдениет» журналы. 2011 жыл. №8. 2)

Осылайша Болат Сарыбаев зерттеп жаңғыртқан көне музыкалық аспаптар негізінде, Өзбекәлі Жәнібековтың ұйытқы болған тапсырмасымен  1980 жылы «САЗГЕН»  фольклорлық ансамблін ұйымдастырдым.

 

САЗГЕН

Мұражай қызметкерлерінен құрылған «Сазген» фольклорлы-этнографиялық  ансамблінің алғашқы мүшелері.  ХХ ғасыр. 1980 жыл.

Солдан оңға:  Жарқын Шәкерім (ансамбльдің  жетекшісі), Ерлан Қуандықов, Сәуле Боранбаева, Таласбек Әсемқұлов, Зәбира Жәкішева, Роза Кан,

Екінші қатарда тұрғандар:  Қожахмет Мұсабеков, Күләнда Айтова, Ботагөз Құспанова, Оразғазы Бейсенбаев, Зүлфия Молдағаринова, Майра Ысқақова.

 

"Сазген" ансамблінң алғашқы афишасы

 

1981 жыл. Әшімбек Бектасовтың қолынан Біржан сал домбырасын мұражайға қабылдап тұрған сәтім.

Хостинг от uCoz