Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Жұма, 19.04.2024

1925 жылы Париж қаласында қазақ елін әлемге танытқан ән еркесі әнші Әміренің дүниеге келгеніне 2018 жылы 130 жыл толып отыр. Осыған орай мерекелік медаль жасалынды.

Құтты болсын, ағайын! Құтты болсын, халқым! 

Әміре жайлы жазған кітаптарым:

ӘМІРЕ  ҚАШАУБАЕВ    

АВТОР РЕТІНДЕ  КӨП ЖЫЛДАР БОЙЫ ЗЕРТТЕП,  ЖАЗЫП ЖАРЫҚҚА  ШЫҒАРҒАН  КІТАПТАРЫМ

Ол кісі 1934 жылы дүниеден өтті. Мен Әмірені көре алмадым. Есесіне Әміремен қатарлас  ғұмыр кешкен Әлкей Марғұлан, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қанабек Байсейітов, Сапарғали Бегалин, Жүсіпбек Елебеков, Қапан Бадыров, Сара Есова, Әшімбек Бектасов ағаларымның жандарында көп жүрдім. Әміре жайлы көп естіп, қанықтым. Бұл кісілердің де бұл дүниеден өтіп кеткені қашан. Ендігі жерде Әміренің шығармашылығы жайлы жазуды өзім қолға алдым. Одан бері де 46 жыл өтті.

 

«Лениншіл жас» газетінің 1969 жылғы 19 наурыз күнгі санында «Еуропаны кезген ер жігіт» деген алғашқы  мақалам  жарық көрді. Содан бергі уақыттырда жүздеген мақалалар жазып, зерттеулер жүргіздім. Әміре жайлы 6 кітап жаздым.

 

 «Әміре» деген алғашқы кітабым 30 жасымда, 1977 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрді. Кітаптың редакторы Ескен Елубаев. Осы кітапқа пікір жазып ақ тілеумен бата бергендер: Әлкей Марғұлан мен Серке Қожамқұлов.

 

""Қазақстан"  баспасынан 1978 жылы жарық көрген Әміре жайлы екінші кітабым.

 

"Өнер" баспасынан 1981 жылы орыс тілінде жарық көрген Әміре жайлы үшінші кітабым.

 

1988 жылы "Өнер" баспасынан жарық көрген Әміре жайлы төртінші кітабым.

 

Алматыдағы "Арда" баспасынан 2006 жылы жарық көрген бесінші кітабым.

Гани Д. Citrus Advertising баспасынан 2016 жылы жарыққа шыққан "Амре в Париже" деген Әміре жайлы жазған алтыншы кітабым.

Хостинг от uCoz