Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Жұма, 19.04.2024
Басты бет » Жаңалықтар
1 2 3 ... 6 7 »

Таласбек еріп соңымнан...

 

Таласбек Әсемқұлов:

- 73 жылы мен арман арқалаған он жеті жасар бозбала, Алматыға келдім. Өзімнің нағашы атам және ұстазым Жүнісбайдың тапсырмасымен Жарқын Шәкәрімовты іздеп таптым. Ол кезде бүкіл одақтағы күйтабақты «Мелодия» фирмасы жалғыз шығарады. Фирманың редакциясы М.Әуезов атындағы бас театрдың үшінші қабатында екен. Жарқын ағаммен танысып, арқа-жарқа болып отырмыз. Аздан соң қолыма домбыра ұстатты. Бірнеше күйді шертіп бердім.
Жәкең қатты риза болып «Қой, мен сені Асекеңе көрсетпесем болмайды екен» деп мені дәліздің басқа бір қалтарысындағы бөлмеге ертіп барды. Орақ мұрын, қараторы өңді, әдемі адам, плащы мен шляпасын киіп, қолына папкасын ұстап енді шығайын деп жатыр екен.

Толығырақ

Таласбекті тану

Таласбек Әсемқұлов екеуміздің таныстығымыз әріден басталды. Ол әңгіме былайша өрбіген еді.

ХХ ғасыр. 1969 жыл. Құрманғазы атындағы консерваторияның екінші курс студентімін. Жаз айларында әнші Жүсіпбек Елебековпен бірге ел аралаймын. Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында өнер көрсетіп,  одан әрі Семей жеріне жетіп Аягөз, Шұбартау аудандары жұртшылығына концерттер қоя бастадық. Айғыз деген ауылда, қойған концертімізден соң  екі адам сахнаға көтеріліп, Жүсекеңе рахмет айтты да, өздерін ауылдың үлкендері Кәрім Баймұратов және күйші Жүнісбай Стамбаев деп таныстырды.

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хаты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарқын Шәкәрімді 70 жасқа толуына байланысты құттықтау хаты.

Толығырақ

«НОВАТОР»

«Егемен Қазақстан» газеті, 25.04.2017

 

«НОВАТОР»

«Жақсының аты өлмейді, ға­лым­ның хаты өлмейді», деген ғой да­на халқымыз. Бүгінгі ұрпаққа өш­пес-өлмес мұра қалдырған адам­дардың бірі халқымыздың кө­не музыкалық аспаптарын зерттеп жаңғыртқан, ғұлама ғалым Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еке­ні шығар күндей шындық. Ол кі­сі ғасырлар бойы жоғалып кеткен, ел қолында пайдаланылудан қал­ған қазақтың көне музыкалық а­с­паптарын зерттеп іздеп, тауып, қай­тадан жаңғыртты. Ғалымның осы еңбектерінің арқасында ХХ ға­сырдың ортасынан бастап ор­кестрлер мен фольклорлық ан­сам­­бльдерінің үндері түбегейлі қа­зақтың өзіне тән қоңыр үнге өз­герді.

Толығырақ

Туған ауылым ат мінгізді

Үржар ауданы, Таскескен ауылы. 70 жасқа толуыма орай туған ауылым ат мінгізді.

Толығырақ

Қадірлі ғаламтор оқырмандары, «Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» сайтының көрермендері! 

Алла берген уақыт еншісінде туған жеріме, туған еліме, қазақ аспанына сүйсініп өстім. Қазақ деген ұлы халықтың ұлы болып жаратылғаныма, Ұлы дала елі қасиетін бойыма дарытқаныма өзімді шексіз бақытты санаймын. Көзіміз көріп отырған өркениет өрісіндегі ғаламтор деген өрмекшінің торындай, осы бір адам түсініп болмайтын дүниенің маңыздылығын сезіне отырып, атадан дарыған ғұмырымның келбетін, көргендерім мен түйгендерімді, білгендерімді осы ғаламтордағы өзімнің атымдағы жеке сайт арқылы өздеріңіздің алдыңызға ақ ниетпен жайып отырмын. «Өмір  өтер, керуен кетер» деген ата салтындағы уәж әрқашан ойымда жүреді. Сондықтан аға буан ұрпақтың өтіп бара жатқан легі, ұзаған сайын Абай атамыз: «Ақырын, ақырын шегініп, алыстап кетті ау құрғырлар» дегендегісіндей көмескіленіп көрінбей бара жатқаны шығар күндей шындық. «Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады. Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шығады» деген толғаныс, тебіреністер болмай тұрмайды. Қазақ жұртының алыптары Әлкей Марғұлан, Серәлі Қожамқұлов, Сара Есова, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин, Рахманқұл Бердібаев, Рымғали Нұрғалиевтер менің жігіт кезімде ақ баталарын берді. Ақ тілеу баталар мені  әлі күнге алға жетелеу үстінде келеді. Баталы қарттардың ақ пейілдерімен нарық деген мына заманға да жетіп аяңдап келемін. Қазақ Елі деген Ұлы Отаныма мысқалдай да болса үлес қоса алсам, із қалдыра алсам, менің айтқан сөздерім келер ұрпаққа мысқалдай да болса жетсе, бұл өмірдегі ұстанған принциптерімнің орындалғаны деп санаймын.
Менің сайтым – менің кітабым. Осы жазғандарым сөз жоқ баспадан кітап болып жарық көрмек. 
Құрметті оқырмандар! 
«Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» – сайтынан көріп оқитындарыңыз менің өмір жайлауымдағы, жеке шығармашылық бел-белестерімнің бір ғана шеті болмақ. Жастайымнан жазғандарым, ұшталған ойларым, ұшан теңіз. Сондықтан да талай-талай ізгі дүниелерімді  аманшылық болса алдағы уақытта менің есімімдегі осы жеке сайт арқылы бір-бірлеп оқитын боласыздыр. Өздеріңізге бек сенімдімін әрі тілектеспін!

01.01.2016

 

Құрметті көрермендер және оқырмандар!
Менің төмендегі өтінішімді қабыл алыңыздар!
Оның мәні:  
Менің сайтымдағы материалдарға үн қатар болсаңыз,  парасатты әрі таразыланған пікір қалдыруға шақырамын.
Ненормативті лексикадан және жеке басқа қатысты, діни, ұлттық, саяси, жарнама және басқа да сипаттағы кемсітулерден аулақ болсаңыз екен деймін.
Заңға қайшы пікір қалдырудағы жеке жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз.
Менің, өз басым өшпенділікке, ұлтаралық алауыздық пен экстремизмді үндеуге қарсымын. Сол себепті мұндай жағдайда пікірді себебін түсіндірмей-ақ өшіруге және материалдарға пікір қалдыру мүмкіндігін кез келген сәтте тоқтатуға құқылымын.
Ізгі ниетпен Жарқын Шәкәрім.

 

 

Хостинг от uCoz