Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Жұма, 29.03.2024
Басты бет » Жаңалықтар

ТАЛҒАМ ЖӘНЕ ОСАКАРОВКАЛЫҚ ДОМБЫРАЛАР

Осыдан 48 жыл бұрын, яғни 1968 жылы домбыра жасаудың проблемасын көтеріп Республикалық «Лениншіл жас» газетіне «Талғам және Осакаровкалық  домбыралар» деген мақала жаздым. Көп кешікпей осы газетте ғұлама ғалым, Қазақ көне музыкалық аспаптарын зерттеу ғылымының атасы Болат Сарыбаевтың  менің мақалама жауабы жарияланды. Мен жазған мақаланы және Б.Сарыбаевтың үн қосқан жауап мақаласын бүгінгі жас буын өкілдері біле жүрсін, бір пайдаға жаратар деген мақсатпен ұсынып отырмын. Осы мақаланы жазған жылғы Қарағандының музыкалық училищесінде оқып жүргендегі 21 жаста түскен фотосуретімді де ұсынып отырмын.

Толығырақ

Қадірлі ғаламтор оқырмандары, «Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» сайтының көрермендері! 

Алла берген уақыт еншісінде туған жеріме, туған еліме, қазақ аспанына сүйсініп өстім. Қазақ деген ұлы халықтың ұлы болып жаратылғаныма, Ұлы дала елі қасиетін бойыма дарытқаныма өзімді шексіз бақытты санаймын. Көзіміз көріп отырған өркениет өрісіндегі ғаламтор деген өрмекшінің торындай, осы бір адам түсініп болмайтын дүниенің маңыздылығын сезіне отырып, атадан дарыған ғұмырымның келбетін, көргендерім мен түйгендерімді, білгендерімді осы ғаламтордағы өзімнің атымдағы жеке сайт арқылы өздеріңіздің алдыңызға ақ ниетпен жайып отырмын. «Өмір  өтер, керуен кетер» деген ата салтындағы уәж әрқашан ойымда жүреді. Сондықтан аға буан ұрпақтың өтіп бара жатқан легі, ұзаған сайын Абай атамыз: «Ақырын, ақырын шегініп, алыстап кетті ау құрғырлар» дегендегісіндей көмескіленіп көрінбей бара жатқаны шығар күндей шындық. «Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады. Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шығады» деген толғаныс, тебіреністер болмай тұрмайды. Қазақ жұртының алыптары Әлкей Марғұлан, Серәлі Қожамқұлов, Сара Есова, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин, Рахманқұл Бердібаев, Рымғали Нұрғалиевтер менің жігіт кезімде ақ баталарын берді. Ақ тілеу баталар мені  әлі күнге алға жетелеу үстінде келеді. Баталы қарттардың ақ пейілдерімен нарық деген мына заманға да жетіп аяңдап келемін. Қазақ Елі деген Ұлы Отаныма мысқалдай да болса үлес қоса алсам, із қалдыра алсам, менің айтқан сөздерім келер ұрпаққа мысқалдай да болса жетсе, бұл өмірдегі ұстанған принциптерімнің орындалғаны деп санаймын.
Менің сайтым – менің кітабым. Осы жазғандарым сөз жоқ баспадан кітап болып жарық көрмек. 
Құрметті оқырмандар! 
«Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» – сайтынан көріп оқитындарыңыз менің өмір жайлауымдағы, жеке шығармашылық бел-белестерімнің бір ғана шеті болмақ. Жастайымнан жазғандарым, ұшталған ойларым, ұшан теңіз. Сондықтан да талай-талай ізгі дүниелерімді  аманшылық болса алдағы уақытта менің есімімдегі осы жеке сайт арқылы бір-бірлеп оқитын боласыздыр. Өздеріңізге бек сенімдімін әрі тілектеспін!

01.01.2016

 

Құрметті көрермендер және оқырмандар!
Менің төмендегі өтінішімді қабыл алыңыздар!
Оның мәні:  
Менің сайтымдағы материалдарға үн қатар болсаңыз,  парасатты әрі таразыланған пікір қалдыруға шақырамын.
Ненормативті лексикадан және жеке басқа қатысты, діни, ұлттық, саяси, жарнама және басқа да сипаттағы кемсітулерден аулақ болсаңыз екен деймін.
Заңға қайшы пікір қалдырудағы жеке жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз.
Менің, өз басым өшпенділікке, ұлтаралық алауыздық пен экстремизмді үндеуге қарсымын. Сол себепті мұндай жағдайда пікірді себебін түсіндірмей-ақ өшіруге және материалдарға пікір қалдыру мүмкіндігін кез келген сәтте тоқтатуға құқылымын.
Ізгі ниетпен Жарқын Шәкәрім.

 

 

Хостинг от uCoz