Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Жұма, 26.04.2024
Басты бет » 2016 » Қаңтар » 17 » Әбікен Хасеновтың күйтабағын шығарған Рахманқұл Бердібаев екеуіміз
12:05
Әбікен Хасеновтың күйтабағын шығарған Рахманқұл Бердібаев екеуіміз

Рахаң – Рахманқұл Бердібаев, Мұхтар Әуезовтың музейінің ішіндегі үлкен бір залдан қалалық халық университетін ашып, ұлтымыздың туын көтеріп, ескілікті әндеріміз бен күйлерімізді шығарып, Әлкей Марғұланнан бастап, Серке Қожамқұловқа дейін, тіпті Қарақалпақтаннан жыршы-жырауларды шақырып, Болат Сарыбаевқа көне күйлерді орындатып, Таласбек Әсемқұловқа Байжігіт күйлерін орындатып, апта сайын басқосу өткізіп тұратын жылдары болатын. 1975 жылдың бір күні, «Бала етің тірілеу көрінеді Мәскеуге барып Әбікен Хасенов орындаған күйлердің күйтаспаларын алып кел», деп қолыма ақша ұстатып мені Мәскеуге жіберді. Сол жылдары күй, деген қасиетті музыкалық жанрымыз шертпе күй, төкпе күй деген екі тараумен  екіге айырылып, енді жұртшылықтың кешеулеп қалған шертпе күйді дамытамыз десіп, шертпе күйдің бастауында тұрған Әбікен Хасеновтың күйтабағын шығару қажет болған тұсы еді. Мен Мәскеуден келгенше Рахманқұл Бердібаевтың өзі Қазақ радиосында сақталған 5-6 күйді, Әбікеннің бұрын күйтабаққа шыққан бірді-екілі күйлерін жинастырып қойған екен. Мен Мәскеуден Әбікен орындауындағы белгісіз жатқан оншақты күйлерді әкелдім. Сүйтіп Рахманқұл Бердібаев екеуіміз Әбікен орындауында таспаға жазылып қалған 17 күйді жинап күйтабағын шығардық. Осы күндерде бүгінгі ұрпақ «Әбікендей орындаушы қайда», деп тамсанып жүргенде, оның бастауында тұрып күйтабағын шығарған екі адамның есімін де біле жүрсін деген мақсатпен осы естелікті назарларыңызға ұсындым. Рахманқұл Бердібаев екеуіміздің еңбектеріміздің шыншыл куәсі ретінде 1975 жылдың 30 желтоқсан күні «Вечерняя Алма-Ата» газетінде жарыққа шыққан «На одном диске» деген хабар-мақаланы көрсете кетуді де жөн санадым. 

 

Жарқын ШӘКӘРІМ

614 рет оқылған
Пікірлер саны: 1
avatar
1
Сізге шексіз ризамыз!
omForm">
avatar
Хостинг от uCoz