Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Жұма, 26.04.2024
Басты бет » 2016 » Ақпан » 3 » МҰСТАФАНЫҢ МАҒАН КЕЛУІ
15:07
МҰСТАФАНЫҢ МАҒАН КЕЛУІ

МҰСТАФАНЫҢ МАҒАН КЕЛУІ

Қазақ ССР-ның Мәдениет министрі Жексенбек Еркімбеков 1980 жылдың 4 қыркүйек күні, №556 бұйрығымен мені жаңадан ашылған Республикалық халық музыка аспатары музейінің директоры етіп тағайындағаны сол еді, қызмет бөлмеме сол заманның небір адамдары әртүрлі жұмыс бабымен келе бастады. Күндердің бір күнінде  тобығына дейін қара теріден тігілген (кожаный) ұзын плащ киген, тері белбеулі, көк галифа шалбарлы, қара креммен жылтыратып офицер етік киген орта жастығы адам келіп менімен танысып, құтты болсын айтты. Өзін, өнерге бір табан жақындығым бар, заң қызметкері Мұстафа Ысмағұл деген мен боламын деп таныстырды.

Ол кісі Дүниежүзілік экспо көрмелерінде ылғи да жүлделі орын алып жүрген  К.М.Шредер дегеннің роялы сақталғанын  айтты. Сол роялды  мұражайға өткізбекке келіпті. Байқап қарасақ Мұстафаның айтқан роялын музейімізге алуға мүмкін болмады. Неге десеңіз роялдың үлкендігі соншалықты экспонат қойған бір бөлмемізді тегіс алып кетеді екен. Жақсы ниетпен келген кісінің өтінішін осылайша орындай алмадық.

Менен бір жылылық, дәме табатындай ақ Мұстафа Ысмағұл 1981 жылдың қаңтар айында маған екінші рет келді.  Бұл жолғы келісі қисынға келетіндей еді. Неге десеңіз әңгіме Махамбеттің домбырасының табылғандығы жайлы және Махамбеттің әлі де  насихатталмай жатқан күйлері жайлы еді

-Қарағым Жарқын, деді Мұстафа. Мен, 1958 жылы Оразғали Сүйінбеков деген Махамбет күйлерін орындайтын домбырашыны алғаш рет Ахмет Жұбановқа таныстырдым. Сонда бір отырыста Оразғали күйші Махамбет күйлерін және басқа да композиторлар күйлерінен 34 күй орындап берді. Ахаң Оразғали орындауындағы күйлерді нотаға түсіріп, жазып алуға тапсырма берді. Ал содан бері қанша уақыт өтті десеңші. Ахаң болса дүниеден өтіп кетті.  Мен болсам «Қазақ әдебиеті» газетінің 1959 жылғы 31 шілде күнгі санына «Махамбет күйлері» деген бір ғана мақала жазумен шектелдім. Содан бері де талай жылдар өтті, әлі дұрыстап насихатталмай жатыр, деп өтінішін білдірді. «Осыған сенің қандай қолғабысың болмақ, соны айтқалы келдім», деді Мұстафа Ысмағұл.

Қолында соноу, алдақашан 1973 жылдың 20 наурыз күні  Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің хатшысы С.И.Имашевқа, Қазақстан Компартиясының Мәдениет бөлімінің меңгерушісі  М.И.Есенәлиевке және Қазақ ССР Мәдениет министрлігіне «Махамбеттің күйлерінің табылуы» жайлы жазған 9 беттік зерттеу қағазы бар екен. Сол қағаздарының бір көшірмесін «түбі бір қажетіңе жаратарсың», деп, маған табыстады. Сол заманның сол кездерінде өзі заң қызметкері бола тұра, өнерге деген жанашырлық танытқан Мұстафа Ысмағұл деген азаматпен осылайша жолымыз қиылысып, кездескен кездеріміз болған.

Жарқын ШӘКӘРІМ

588 рет оқылған
Пікірлер саны: 0
omForm">
avatar
Хостинг от uCoz