Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Бейсенбі, 25.04.2024
Басты бет » 2016 » Сәуір » 2 » ТАЛАСБЕК - АРАҒА 40 ЖЫЛ САЛЫП...
17:11
ТАЛАСБЕК - АРАҒА 40 ЖЫЛ САЛЫП...

Ұшқан құсқа жеткізбес қайран уақыт.
Бауыр басқан інілерімнің бірі Таласбек еді. Сол Таласбек Отан алдындағы борышын өтеп жүріп, жердің түбі  Мурманскден 1976 жылы хат жазды.

ТАЛАСБЕК:

Амандық хат

Амансыздарма Жарқын аға, жеңгей, тағы басқалар?

Халдарыңыз жақсы, дендеріңіз сау ма?

Ал менен хал жай білмек болсаңыздар халым жақсы, денім сау, бірқалыпты жүріп жатырмын. Жазған хатыңызды алдым. Қуанып қалдым. ПЛАСТИНКАМ туралы және телевизордағы хабар туралы жазыпсыз.

      Рахмет Жәке! Осының бәрі Сіздің еңбегіңіз ғой Жәке. Сіз болмасаңыз мен кімге керекпін. Халықтың алдына да шығарған Сіз ғой, Жәке!

«Ер мойнында қыл арқан шірімейді» - деген мақал бар ғой. Мен де кейін Сіздің бір керегіңізге жарармын!

Таласбек Әсемқұлов. Мурманск. 1976 жыл. 03.01.76

Иә, ол кезде мен жатпай-тұрмай, қажымай-талмай жүріп Таласбек бауырымның Байжігіт күйлерін орындаған күйтабақ-пластинкасының шығуына себепкер болып, редакторы болып жарыққа шығардым.  Ол кезде Таласбек 19 жаста, ал мен  27 жастамын. Енді міне арада шамамен 40 жыл өткенде келін баламыз Зира Наурызбаева шүйінші хабар жеткізді. Таласбектің жазған сол хатында пластинкасы жайлы айтылағндай  дәл 40 жылдай уақыт өткенде 2016 жылы Таласбектің 73 күй орындаған альбомы жарық көрді.  Жарық көргенде  Қытай елінде, Құлжа қаласында «ТАЛТҮС» аталған СД-альбом.

Күні кеше 2016 жылдың 1 сәуірі күні Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайында Таласбек  бауырымның  өзі жасаған домбырасы музейге табысталып бұл да бір  дүрілдеп өткен той болды. Музейдің экспозиция сөресіне қою мүмкіндігі ел серісі, әнші әрі актер Ерлан Төлеутайға бұйырды.

Бір ғажабы дәл сөреге қойылар сәтте көне аспаптар мұражайы ішінде бір тылсым күш, ерекше көрініс, әсер пайда болды. Бұл Таласбектің рухы еді. Құлақ үнсіздігін ғарыштан жеткен гуіл әсеріндей, тіпті Ерланның қолындағы Таласбектің домбырасы «Мен де мәңгілік осы жерде қоныс тебемін» дегендей сан түрлі елеске айналғандай, көзіміз бұлдырап кеткендей болды. Бәріміз де Таласбек рухының кереметі-ай дестік. Сол сәтте айналайын Таласбекке Алла алдыңнан жарылқасын, жаның жаннатта болсын. Жұмақтан орын ал деп ерніміз күбірледі, тілеу тіледік. Таласбектің сүйген жары Зира Наурызбаеваға және сол сәтте бірге болған ұл-қызына ұзақ ғұмыр, сәт сапар тіледік. Әрине осы кешті ұйымдастырған музей директоры Ұлжан Байбосыноваға алғысымыз шексіз.

632 рет оқылған
Пікірлер саны: 0
omForm">
avatar
Хостинг от uCoz