Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Жұма, 26.04.2024
Басты бет » Лебіздер

Барлық лебіздер саны: 16
Осы беттегі лебіздер: 1-10
Беттер: 1 2 »

"1981 жылдың 24 сәуірінде Республикалық саз аспаптар   музейі ашылды. Музейді басқаруға өнер зерттеушісі, белгілі күйші Жарқын Шәкәрім шақырылды. Жарқын аға музей жанынан ашылған «Сазген» фольклорлық ансамбліне жетекшілік етті. Музей экспонаттарын толықтыруға белгілі өнер зерттеушісі Болат Сарыбаевтың да қосқан үлесі ерекше".

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Алтын Иманбаеваның бұл сөзі, 1915 жылдың, 19 қазан күні, сағат 12:17-де жарияланып жарыққа шыққан Қазақпарат парақшасынан алынды.

Лебіздер | 483 рет оқылды | 09.06.2016

          

«Жас талантты зерттеуші Жарқынның осы бір еңбегі өшкенді жандырып асыл асқақ әншіміздің үнін үйімізге сайратып қойды. Оның осы еңбегін халқымыздың өнер саласына қосылған ерекше құнды еңбек деп санаймын».

1974 жылы бір қуанышты жағдай болды. Ол қуанышты халқымызға сыйлаған жас ғалым Шәкәрімов Жарқын болды. Осы бір жолың болғыр жас талмай Әміренің 1925-1927 жылдар аралығында фонограф валигіне жазылып, ораулы күйі өнер қоймасында сақтаулы жатқан әндерін тауып, қазір пластинкаға түсірді. Бұл өлген тіріліп, өшкен жанғандай өте құнды табыс болды. Сөйтіп Әміре әндері қазақ даласына қайтадан оралды, туған аспанында қайтадан қанат қақты».

Сапарғали Бегалин «Сахара сандуғаштары» кітабы, Алматы, 1976 жыл, 165 бет.

Лебіздер | 462 рет оқылды | 09.06.2016

«Жуықта «Әміре» атты салмақты зерттеу кітабы жарық көрген өнер зерттеуші Жарқын Шәкәрімовтың әнші дауысын тауып, насихаттаудағы еңбегі үлкен. Мұның бәрі көңілге қуаныш ұялататын жақсы жай, жарасымды лебіздер».

«Қазақ әдебиеті» газеті, 1978 жыл, 23 маусым.

Лебіздер | 563 рет оқылды | 09.06.2016

« - Мына мақаланы жазған сен бе?

Қарасам «Лениншіл жас» газетінің 1969 жылы 27 июньдегі саны. Мұнда менің «Үшбұлақ – Таскескен таңбалары» атты материялым жарияланған ды.

 -  Иә

 -  Маған керегі осы еді, -деді Әлекең таңданған күйі. Біз халқымыздың тарих шежіресін ақтарар осындай ел ішінде белгісіз жатқан тастағы таңбалардың түр сипатын жинау үстіндеміз. Сенің жазғандарың Таскескен өңіріне археологиялық экспедицияның  жол тартуына себепші болды.

  - ..Бүкіл Шығыс тарихындағы археологиялық зерттеулер үшін бұл айтқандарыңның орасан маңызы бар. Ғылымға аса керекті дүниелер екен»,  деді  жылы жүзді риза болған раймен.

Әлемге әйгілі Әлкей Марғұланмен болған бұл сұхбатымыз 1976 жылы Семей облысы, Аягөз аудандық «Алға» газетінде «Академикпен әңгіме» деген мақалада жарияланды.  Сол жылдары Әлекең: «Жарқын Шәкәрім өзінің Таскескен ауылының көне тарихы мәдениетін ашқан жас ғалым, деп дәрежемді көтерді.

Лебіздер | 483 рет оқылды | 09.06.2016

Сүйкімді Жарқын!

Қабылда өз қолымнан тарттым сізге,

Оқып көр көңіл қойып әрбір сөзге.

Жол кештік жарты ғасыр театрмен,

Қалт кетсем айып тақпа бүгін бізге.

 

Бастадық ұлы көшті көркем өнер,

Біз өткен қиындақты кім бар білер.

Бойдағы бар қасиет бердік сарқып,

Бағасын еткен еңбек халқым берер.

«Өткендер мен өткелдер» авторлық ктабына жазған қолтаңбасы.      12.02.1976 ж. Алматы.

Лебіздер | 548 рет оқылды | 09.06.2016

«Іздегенге інжу ілінер» - бұл қанатты сөзді Мұзағаң – Мұзафар Әлімбаев Әміре дауысы Мәскеуден табылыпты деген хабарды естігенде, таңданып, Жарқын Шәкәрімге арнап табан астында шығарған.

«Ана тілі» газеті, 1998 жыл, 5 наурыз. Әсет Болғанбайұлы.

Лебіздер | 569 рет оқылды | 09.06.2016

Лебіздер | 453 рет оқылды | 09.06.2016

«Сол бірқалыпты служить етіп жатырмыз. Әнекүні түс көрдім. Жәке, Сіз менімен бірге служить етіп жүр екенсіз. Екеуіміз бар ғой, Жәке бір ротада, бір взводта жүр екенбіз деймін. Қызық, ә»

(1976 жылдың 6 наурыз күні  Таласабектің Мурманскден Жарқынға жазған хатынан)

Лебіздер | 428 рет оқылды | 09.06.2016

 Кекілбаев екі рет оқыған кітап

«Ұлттық өнеріміздің көрнекті тұлғасы Жарқын Шәкерімнің 60 жылдық мерейтойы – бәріміздің қуанышымыз. Осылай, ерінбей, жалықпай, міндетсінбей еңбек ететін адамдар елімізге керек. Жәкеңнің өзге еңбегін айтпағанда, Сырым Датұлына бата берген жетінші бабам Малайсары жөнінде «Қараман Тана Малайсары биден Шәмілге дейін» деген кітап жазды. Сол кезде шығыс пен батыстың қазағы Малайсары бидің жатқан жерін тауып, қуанғанымыз есімде. Осы кітап 1997 жылы «Шартарап» баспасынан жарық көрді. Оны сол кездегі Мемлекеттік хатшы  Әбіш Кекілбаев екі рет оқығанын айтып, Жарқынның жазушылық қабілеті мен ғалымдық ізденгіштігіне жақсы баға береген болатын. 1998 жылы Жарқын Шәкәрім  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағын алды. Екеуіміз консерваторияда бірге оқыдық. Сол кездің өзінде оны ағамыздай көретін едік. Әлікей Марғұлан экспедициясының құрамында Таңбалы тастың сырына қанығып, Мәдидің суретін, Тәттімбет туралы тың деректерді, Әміре Қашаубаевтың дауысын тапқан – осы Жарқын. Керек десеңіз, Жарқынның әр еңбегі бір-бір ескерткіш қоюға тұрарлық. Бүгінгі күні музыка сыншыларының бәрі орыс тілінде жазады., ал Жұбановтан кейінгі, қазақша жазатын көзі тірі сыншымыз – Жарқын».  

Шәміл Әбілтай.  «Алматы ақшамы» газеті, 2007 жыл, 12 маусым

Лебіздер | 564 рет оқылды | 09.06.2016

« - Жарқын – келген бетте өзінің өнердегі орнын дұрыс пайымдай білген, өнердегі позициясын мұқияттап алған азамат. Ол орындаушыдық өнерімен қатар, сол студенттік жылдары –ақ фольклорлық кабинеттен шықпай, зерттеушілік жұмыстарға бет бұрды. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, көне күйлер мен әндерді үйреніп, насихаттап жүретін. Отырса да, тұрса да айттатыны күй – тағдыры, күй тарихы, өнер мәртебесі. Домбыраның екі ішегін бірнеше ішекке жеткізген – осы Жарқын. Ішек таппаса, домбыра үнсіз қалмас үшін өз ішегін де тағып бергісі келіп тұрады. Әміре Қашаубаевтың 1925 жылы Мәскеуде Луначарскийдің шақыруымен ән салғандағы, ұрпағына жетпей қалған үнін естіртті. Қазақ әуезінің пірі Нұрғиса туралы Дариға Тілендікелінімен бірге кітап жазды. Бұл – қазақтың руханиятына қосылған үлес емей немене?!»

«Алматы ақшамы» газеті, 2007 жыл, 12 маусым

Лебіздер | 523 рет оқылды | 09.06.2016

1-10 11-16
Хостинг от uCoz