Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Сәрсенбі, 15.05.2024
Басты бет » 2016 » Желтоқсан » 29 » АҚ ТІЛЕУ!
00:56
АҚ ТІЛЕУ!

Армысыздар ағайын!

Ақ сақалды атаның батасындай, ақ жаулықты ананың     мейріміндей  көңіл тебіренісін армандарға жетелеп, айналаға   ақ мамық қар түсті.         

Қараңдаршы, неткен керемет! Тамаша! Алатау көкжиегінен құлан иектеніп, арайланып таң  білінді.     Жаңа  2017 жыл, есік қаққалы тұр.

Осы бір сәт өмірге құлшындырады, құштарландырады. Жұмысқа жігерлендіреді. Жұмыс болғанда біздердікі халқымыздың  халық музыкасына деген сүйіспеншілік қой. Мынау, жаңа заманда ғасырлардан жеткен ән-күйлеріміздің, жыр-термелеріміздің, орындаушыларымздың,  жағдайы ойландырады.

Қазақтың өзіне ғана тән төл музыкасының насихаты жақсы болса екен дейміз. Әндеріміз бен күйлерiмiзге сыналап кiрген, қара бұлттай торлап алған бөгде ел музыкалық аспаптарының үндері  қынжылтады әрине. Төл музыкамыздың көсегесі көгерсе екен деймін.

Жат жұртта жатқан музыка таспаларын қайтаруымыз қажет.

Мәселен, Жамбылдың, Кененнiң, Маясар Жапақовтың, Қайып Айнабековтың, Мұхтар Әуезовтың, Тайыр Жароковтың, Қалыбек Қуанышбаевтың, Күләш Байсеиiтованың, Дина Нұрпейiсованың, Жаппас Қаламбаевтың, Әбiкен Хасеновтың басқадай да жүздеген өнер саңлақтарының  Мәскеу мұрағатында жатқан үн-дауыстарын, дыбыс таспаларын дискіге көшіріп, халық кәдесіне жарату. Одан арғы да шетелдерде жатқан фонограф таспалары қаншама. Соларды елiмiзге жеткiзу, алдағы атқарылар жұмыстар болмақ.

Жалпы, дүниенiң төрт бұрышына  шашырап,  қолды болған қазақ жәдiгерлерiн қайтару, ұрпақ алдындағы парызымыз болмақ.

 

Алладан мейір, адамнан пейіл деген!

Алланың мейір - шапағатына бөленген ақжолтай жандар көбейе берсін!

КЕЛ, ЖАҢА-ЖЫЛ, ТӨРЛЕТ! 

 

Берер батам!

Әуелі, Алла қолдасын!

Оң жолына бастасын!

Ырысың тасып жатсын!

Абыройың асып жатсын!

Ер азаматтарымыз аман болсын!

Ел іргесі тыныш болсын!

Аспанымыз ашық, мерейіміз үстем болсын!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

Көк сеңгір аспанымыз, Ұлы даламыз аман болсын!

ЖАҢА-ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 

Әумин!

Жарқын Шәкәрім  

2016 жыл, 30 желтоқсан, Алматы.

 

617 рет оқылған
Пікірлер саны: 0
omForm">
avatar
Хостинг от uCoz