Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Сейсенбі, 30.04.2024
Басты бет » 2016 » Қаңтар » 4 » Әміре жайлы фильм түсіріледі
16:48
Әміре жайлы фильм түсіріледі

Жыл басындағы айта қаларлықтай жаңалықтардың бірі Әміре атамыз жайлы көркем фильм түсіріледі деген хабарды естігеніміз болды. Фильм ағылшын тілінде түсіріледі, деп жазылды ақпараттар ағынында. Әміре шын мәнінде Қазақ деген халықтың асқақ әнін әлем жұртшылығына алғаш танытқан адам. Құлақ құрышын қандырар теңдессіз мөлдір, әдемі дауысы әлем аспанында қалықтады. Таңдай қақтырды. Осылай бола тұра әншінің 46 жылдық ғұмырының соңғы кезеңі жеке басының тасқа соғылғанындай трагедиясына айналды. Әміре жазықсыз еді. Енді міне жазықсыз адамның ғибратты істері Алланың құлағына шалынып ол туралы ұрпақтары игі жақсылықтар атқара бастады. Семейде Әміре Қашаубайұлына ескерткіш қойылды. Өз басым Әміре атамыз жайлы жазған 5 кітаптың авторы ретінде ағылшын тілінде түсірілмек кинофильмнің, түсірушілер тобына іске сәттілік тілеймін!

572 рет оқылған
Пікірлер саны: 0
omForm">
avatar
Хостинг от uCoz