Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Дүйсенбі, 29.04.2024
Басты бет » 2017 » Қаңтар » 11 » ФОНОГРАФҚА ӘН ЖАЗҒАН ПЕТРОПАВЛДАҒЫ КЕЛІНШЕК
07:43
ФОНОГРАФҚА ӘН ЖАЗҒАН ПЕТРОПАВЛДАҒЫ КЕЛІНШЕК

«Социалистік Қазақстан» газеті, 1974 жыл, 3 апрель.

Архив қазынасын ақтарғанда.

Редакциядан: Газетіміздің осы жылғы 12 марттағы номерінде Букілодақтық «Мелодия» фирмасы Алматы белімшесінің музыкалық аға редакторы Жарқын Шәкәрімовтың «Әміре Қашаубаевтың дауысы» деген материалы жарияланған еді. Онда Москвадағы «Жазылған дыбыстардың мемлекеттік архивінде» қазақтың әйгілі әншісі Әміре Қашаубаевтың және Шахмет Құсайыновтың, Ғали Күзбеков, Зағифа Тіналина, Рахима Байбекова, Ғарифа Мұрсалимовалардың  дауысы жазылған валик сақталғаны айтылатын. Бұл әндердің жеке-жеке алғанда қай кезде, қандай жағдайда жазылғаны толық мәлім емес. Бізге белгілісі: тізім кітабындағы «барлық есімдердің 1933 жылы ноябрь айында тіркелгені» ғана. Материал жарыққа шыққаннан кейінгі уақытта «Әміре үнін естуге бола ма!» деген сауалмен бірнеше хаттар түсті. Осыған орай, Москвадан Ж. Шәкәрімов фонографқа жазылған Әміре дауысын реставрация арқылы қайта жарыққа шығаруға болатындығы жайында хабарлағанын айтамыз.

Біз бүгін фонографқа дауысын жазғызғандардың бірі - Зағифа Тіналинаның осы оқиғаға байланысты Жарасбай Нұрқановпен  әңгімелескенін  оқушылар назарына ұсынамыз.

    Жарасбай Нұрқанов:   Жуырда «Социалистік Қазақстан» газетінде «Әміре Қашаубаевтың дауысы» деген хабар жарияланды. Атақты әншінің Парижде қалған дауысы қол жетпес дүниедей көрініп жүргенде Әміренің аңыздай үні Отанымыздың астанасы – Москвада бар болып шыққаны қалың жүртшылықты қатты қуантты. Сол қуанышқа қоса біздің көңілімізді елең еткізген бір жай: Москвада фонографқа дауысын жаздырғандар ішінде Зағифа Тіналина деген таныс есімнің болуы еді. «Өнерге құштар, үлттық мұраны мұқият қастерлеуші, жасында мәдени ағарту істеріне көп араласқан Зағыпи Тіналина апай емес пе екен?» - деп ойладық. Осы үмітпен қазір пенсиядағы, Целиноградтың құрметті тұрғыны 3. Тіналинамен кездестік. Ол кісі осы жайға байланысты ойындағы естелігін айтты.

- Иә, Жарқын Шәкәрімовтың мақаласын оқып, шаттанып отырмын. Бізді қойшы, Әміренің дауысы табылғанын айтсайшы! -деп тебіренді апай. - Ал, енді фонографқа жазылуымыздың мәнісі былай: 1928 жылы Петропавл педа- гогика техникумының көркеменерпаздары Москваға, ВЦИК-тің сессиясына қатысушылар алдында өнер көрсетуге шақырылдық. Тұңғыш қазақ хоры ретінде қатыспақпыз. Хордың қүрамында 40 кісі (20 қыз, 20 жігіт) бар.

Хормейстріміз Иван Васильевич Коцик деген кісі, дауысымызды анықтап, үнімізді біріктіруге жанын салып баққан. Москваға барған соң тіпті көп еңбектенді. Бізді үлкен театрға «Евгений Онегин» операсын тыңдауға апарды. П. И. Чайковский атындағы консерватория залында біз өнер көрсетер күні:       «Бүгін бәрі белгілі болады, бар өнерлеріңді салатын жер осы» — деп қатты толқып жүрді.

Консерваториядағы концертімізді орыс музыка өнерінің корифейлері жылы қабылдады. Олар туралы білетіндер «Біздің орындауымыздан гөрі қазақ музыкасына қызығуы мол» — деп, жүрді. ВЦИК-тің сессиясына қатысушылар алдында да табыспен өнер көрсетіп шықтық,

Міне, осы сапарда Александр Затаевич бізді, хордың жеке әншілерін өз үйіне шақырып, айтқан әндерімізді фонографқа жазып алды. Мақалада айтылғандай Шахмет Құсайынов, Ғали Күзбеков, Рахима Байбекова, Ғарифа Мұрсалимова және мен жазылып едім.

Қазақтың белгілі драматургі Шахмет Құсайыновтың есімі елге таныс. Рахима осы кісіге тұрмысқа шыққан еді, ертеректе қайтыс болды. Ғарифаның дауысы жіңішке болатын. Қазір тірі, Алматы мен Көкшетаудың қайсысында тұратынын білмеймін. Ішіміздегі әншіміз Ғали Күзбеков деген жігіт еді. Оның шын аты Қали Қазбеков. Дауысы әдемі тенор еді, әттең Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапты.

Менің документтегі есімім Зағыпи. Ал, фонотекаға «Зағифа» деп «ең таралған түрі жазылған ғой. Онда екі ән орындағанмын: халық өні «Көк көбелек» және Ақанның «Мақпал» әнінің өзім ескен жерда айтылатын бір варианты. Кейін Қазақ ССР Ғылым академиясынан зерттеушілер келіп тағы да жазып әкеткен.

- Бәрін айт та, бірін айт. Әміренің дауысын тезірек естісек екен, — деп бітірді әңгімесін Зағыпи апай.

Сөз соңында бұл кісі туралы бірер дерек: Зағыпи Тіналина сол 1928 жылы қазақстандық 5 қыздың қатарында Надежда Константиновна Крупскаяның қабылдауында болған. Сондағы әңгіменің әсерімен 1929 жылдан бастап қызыл отау жұмыстарын жүргізген, сауатсыздықты жою жолында күрескен, 8 жыл комсомол қызметінде болып, мәдениет майданында ширек ғасыр еңбек еткен адам. Қазір құрметті демалысқа шыққан Зағыпи апай әлі күнге қоғамдық жүмыстардан қол үзген емес.

Жарасбай НҰРҚАНОВ.

1974 жыл. Целиноград қаласы.

 

604 рет оқылған
Пікірлер саны: 0
omForm">
avatar
Хостинг от uCoz