Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Бейсенбі, 02.05.2024
Басты бет » 2018 » Қыркүйек » 23 » «НОВАТОР»
13:19
«НОВАТОР»

«Егемен Қазақстан» газеті, 25.04.2017

 

«НОВАТОР»

«Жақсының аты өлмейді, ға­лым­ның хаты өлмейді», деген ғой да­на халқымыз. Бүгінгі ұрпаққа өш­пес-өлмес мұра қалдырған адам­дардың бірі халқымыздың кө­не музыкалық аспаптарын зерттеп жаңғыртқан, ғұлама ғалым Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еке­ні шығар күндей шындық. Ол кі­сі ғасырлар бойы жоғалып кеткен, ел қолында пайдаланылудан қал­ған қазақтың көне музыкалық а­с­паптарын зерттеп іздеп, тауып, қай­тадан жаңғыртты. Ғалымның осы еңбектерінің арқасында ХХ ға­сырдың ортасынан бастап ор­кестрлер мен фольклорлық ан­сам­­бльдерінің үндері түбегейлі қа­зақтың өзіне тән қоңыр үнге өз­герді.

Б.Сарыбаев ашқан жаңалық музыка мәдениетінің құбылысына айналды. Жалпы, қай ғалымның болсын ат­қарған еңбектері екі тұрғыдан көрінері хақ. Мәселен, бір ғалым зер­ттеу нысанасын теориялық тұр­ғыда ғана зерттеп, дәлелдейді. Дә­лелдегендері қағаз бетіне жазы­лып, елге тарайды. Екінші бір ғалым теория түрінде дәлелдеп қа­на қоймай, оны тәжірибе жүзінде іс­ке асырып, халқының көз алдын­да жарқыратып көрсете алады. Қа­зақтың көне музыкалық ас­пап­тар­ын зерттеу ғылымының ата­сы – Болат Шамғалиұлы осы екін­ші ба­ғытта танылған адам еді.

Ба­сын­да атап өткеніміздей, ол ел жа­­дынан ұмыт қалған қазақтың му­зыкалық аспаптары болғанын ғылыми-теориялық тұрғыдан дә­лел­деді. Дәлелдеп қана қоймай, жаң­ғырта отырып, сол аспаптарды сахнаға шығарып, концерттер қой­ып, халқын сүйсінтті. Б.Сарыбаев еңбегінің негізгі тұ­ғыры қазақтың музыкалық ас­пап­­тарын жіктеу кестесі еді. ХХ ғасырдың 60-жылдарының ор­та тұсынан бастап республикалық га­зет-журнал беттерінде профессор Б.Сарыбаев тауып, ғылыми дә­лелдеген қазақтың музыкалық ас­пап­тарының атаулары аталып, тү­рі мен түсі көрсетілген су­рет­те­рі жариялана бастады. Бұл – елі­мізді елең еткізген тосын әрі таң­данарлық жаңалықтар еді. Не­ге десеңіз, ол кездері қазақта дом­быра, қобыз, сыбызғы және дабыл музыкалық аспаптарынан басқа аспаптар болмайтын. Жұ­рт­шылықтың қолында осы атал­ған музыкалық аспаптар ғана бол­ды. Сондағы Б.Сарыбаев атау­ларын атаған көне музыкалық ас­паптар түгелімен қазақтың кө­не музыкалық аспаптары болып шы­қты. Аспаптарын орындалу ере­к­ше­ліктеріне байланысты бір­н­е­ше топ­қа бөліп, кестелеп, жіктеді. Олар: жетіген, шертер, асатаяқ, ду­дыға, қоңырау, үскірік, сазсырнай, қос сырнай, тастауық, қурай-ыс­қырғыш, үшпілдек, ысқырауық, қау­ырсын сырнай, мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней, даң­ғыра, сыл­дырмақты қамшы, қо­ңырау тәрізді ті­зіле береді. Бұл сөзіміз дә­­лелді болуы үшін сол жылда­ры жарыққа шық­қан «Со­циа­лис­­­тік Қа­зақстан» газетінің 1976 жыл­дың 18 желтоқсан күнгі са­нын­­да жарияланған С. Ар­ма­нов­тың ма­қаласынан үзінді келтіре ке­тейік. Он­да: «Осы салада көп жыл­дан бе­рі зерттеу, іздестіру жұ­мыс­та­рын жемісті жүргізіп келе жа­т­қан эт­нограф-ғалым Болат Сары­баев қаз­ақ даласында 24 түр­лі аспаптың қол­данылғандығын то­лық дәлелдеп, олардың барлығын да өмірге қайта оралтып отыр» деп, Б.Са­рыбаев зерттеген аспаптарды шы­найы түрде атап өтті.

Сонымен ХХ ғасырдың орта тұсында қазақ музыка мәдени­етін­де Б.Сарыбаев екі ғылыми жа­­ң­а­лық ашты. Біріншісі: Қазақ ха­л­­­­қы мен түркі халықтары му­зы­ка­лық аспаптарының санын жә­не бітімін танытатын, орындалу е­рек­­­­­шеліктерін айқындайтын жік­теу (классификациялық таблица) – «Бо­лат Сарыбаев кестесі» ең­бе­гін жарыққа шығарды. Екіншісі: Б.Са­рыбаев көне музыкалық ас­пап­­­тар табылған өңірдің картасын жа­сады. Ғалымның ғылыми жо­басына негізделген ол еңбегі, қа­жы­май-талмай сапарлап жүріп, зерт­­тегендегі көне аспаптар сақ­­тал­­ған аймақ көрсетілген – «Болат Са­рыбаевтың музыкалық ас­паптар кар­тасы» деп аталды. Ғалым аш­қан осы екі жаңалық қазақ музыкалық ас­пап­тану ғы­лы­­мының бағдаршамы бо­лып қа­лыптасты. Біріншіден, ендігі жерде қандай да бір көне музыкалық аспап табылып, жаңадан жаңғырып жатса, «Бо­лат Сарыбаев кестесіне» тір­ке­летін болды. Екіншіден, ендігі жерде му­зы­ка­лық аспаптардың та­был­ға­ны жай­лы анықтама «Са­ры­баев­тың му­зыкалық аспаптар картасында» белгіленетін болды. Б.Сарыбаевтың қазақтың кө­не музыкалық аспаптары үнде­рін жа­ңғыртып жеткізудегі жаңа­лық­та­рын Әлкей Марғұлан, Ілияс Омаров, Рахманқұл Бердібаев, Ер­кеғали Рахмадиев, Нұрғиса Тілен­ди­ев, Өзбекәлі Жәнібеков тәрізді сол кездегі ел қайраткерлері «нова­тор» ғалым ретінде аса жоғары ба­ға­лады.

Тап сол кезде өнері өрге дома­лап, халқымызға аты танылған Б.Са­рыбаевтың басынан небір қи­ын­­шылықтар да өтпей қалған жоқ. Бү­гінгі оқырмандарымыздың бірі біл­се, бірі білмес деген мақсатпен, осы жайында да айта кетуді орынды санаймын. Ауызекі әңгімелерде «ғалымның кейбір тұжырымдары қоғам мүд­десіне сай келмейді», деген пікірлер айтыла бастады. Мұн­дай жаңсақ пікірлер, әсіресе Б.Са­рыбаевтың түркілік музыка жә­ді­герлерін қазақ әулетіне жиі наси­хат­тауына байланысты туындалды. Мәселен, ол қазақтың көне му­зыкалық аспаптары дерлік, бәрі де түркі дүниесінен жеткен мұра екен­дігін ашып жазды және насихат құралдары арқылы ел-жұртқа жиі-жиі көріне берді. Ал, «түрік», «түр­кі» деген сөз тіркестері кеңес мә­­дениетінің көрінісінде ашық ай­тыла бермейтін, сол кезеңнің идео­логиясына қарсы, кереғар қа­лып­тасқан ұғым болатын. «Кәсіби музыкамыз дамып, өнер ұжымдары мен орындаушы­ларымыз айдай әлемге танылып, еуропалық музыкалық жанрлар­мен ұйысып, шат-шадыман қуа­ныш­қа кенеліп, коммунизмге бет алған сәтімізде, бұл кісінің түр­кі дүниесінде, түркі тектес ха­лықтарда несі бар, қазақ му­зы­ка­сының ұлттық реңін түркі дү­ни­есі арқылы шешпек пе?» деген пікірлер айтыла бастады. Сол бір кезеңде, «Сарыбаев феодалдық заманды аңсаған, ескілікті көксеген адам», деген әркімдердің көре ал­мау­шылық сөздерін мына құ­л­а­ғы­мыз естіді. Ол кезде «домалақ арыз» де­ген «қағаз қару» болды. Кәдімгі бір бет қа­ғазға жазылатын хат. Ай­ыр­ма­шы­лығы хатты жаз­ған адам, өзінің аты-жөнін көр­сет­пей­ді. Былайша айтқанда, өзі та­сада тұ­рады да, жасырын оқ атқан­дай лып еткізіп, хатты жолдап жі­бе­реді. Домалақ арызда сыналатын адамның айналаны бүлдіргені, жүр­ген ортаны шулатып, талан-та­ражға түсіргені жайлы жазылады. Және ол қағазға сыналушы адамның бар «жаманшылық қыры» көрсетіледі, «қоғамға жат адам» ретінде суреттеледі. Сөйтіп, тас­ада тұрып-ақ билік алдында көздеген адамының бар абыройын, «ұятсыздығын» жермен-жексен етіп төгеді. Б.Сарыбаевтың ес­імі көрсетілген домалақ арыздар Алматыдан асып, Мәскеуге де же­тіп жатты. Осындай себептерге бай­ланысты кейбір жағдайда оның ең­бектері кезінде лайықты бағасын ала алмады. Мәселен, өнертану ғылым­да­ры­­ның кандидаты, белгілі му­зы­ка­та­нушы ғалым Тамара Жұ­ма­ли­ева ғалым еңбегінің док­тор­лық диссертацияға лайық еке­нін, алайда дер кезінде лайықты бағасын алм­ағанын қынжыла жазған болатын.

Осыған қосып айтарымыз Б.Сарыбаевтың жоғарыда атал­ған кі­таптары әлі күнге дей­ін қай­та­ла­нып жарық көрмей отыр­ға­ны және де шындық. Әйгілі ғалым Рах­манқұл Бердібаевтың «басқаны бы­лай қойғанда, сан­да­ған ғасырлар бо­йы жоғалып кет­кен шертер мен жетігенді тауып халқымызға қай­тарғаны үшін ғана Сарыбаевқа ес­кер­ткіш орнату керек» деп айтқаны әлі күнге құлағымызда сайрап тұр. Иә, оның есімі ұмытылып қал­та­рыс­та қалып келеді. Үсті­міз­д­е­гі 2017 жылы Болат Сарыбаев­тың дүниеге келгеніне 90 жыл тол­мақ. Осыған орай еліміздің жо­ғары-төменді музыкалық оқу орын­дары, жұртшылық болып, ғалымның еліміз үшін жасаған орасан еңбегін ескерер, лайықты түрде аталынып өтер, деген сенімдемін. Міне, біздің бүгінгі әңгімемізге ар­қау болған, феодалдық заман мә­дениетінің жаршысы атанып, қазақтың көне музыкалық ас­пап­та­рының тұңғиық сырын ашып, төрткүл дүниеге танытқан, ұс­тазымыз Болат Шамғалиұлы Сарыбаев осындай адам еді.

Жарқын ШӘКӘРІМ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі,
ҚҰРМЕТ орденінің иегері

 

Толығырақ: https://egemen.kz/article/novator
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс

286 рет оқылған
Пікірлер саны: 0
omForm">
avatar
Хостинг от uCoz