Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Сенбі, 04.05.2024
Басты бет » 2016 » Қаңтар » 30 » СЕРГЕЙ МАРТИНСОН БАЛА КЕЗІМДЕ БАТА БЕРДІ
16:58
СЕРГЕЙ МАРТИНСОН БАЛА КЕЗІМДЕ БАТА БЕРДІ

СЕРГЕЙ  МАРТИНСОН  БАЛА КЕЗІМДЕ БАТА БЕРДІ

Шахтерлер шақыруымен ХХ ғасырдың 1967 жылы Қарағандыға сол кездегі Ленинград деген қаладан әлемді дүрілдеткен Кеңестер Одағының ең үлкен кино әртісі Мартинсон дегеннің келе қалмасы бар ма. Келе сала балалардың өнерін тамашалймын деп біздің музыкалық училищеге бас сұқты.

 – Ал баста күйлеріңді деді, училищеміздің директоры Төлеген Тоқтаров деген ағамыз. Мен ортаға шығып Шыңжаңның Шағантоғайының шаң жұқтырмас жорғасындай сол өңірге аты танылған, бал бармақты күйшісі Сапаржан Торсықбайдың «Маңғабыл» күйін орындап бергенім сол еді, әлгі кісі алдыма келіп, домбырамды қолымен ұстап көріп, таңданып, отырысыма сүзіле қарап, алды-артымды айналсоқтай жүріп, таң тамашы болды да қалды. Директормыз бір күй ғана емес, қатарынан үш күй орындатқызды. Одан соң  Мартинсонға арнап Моцарттың «Рондосын», Чайковскийдің «Неополитан биін», Огинскийдің «Полонезін» орындап беріп едім әлгі кісі домбыра үніне балқи түсіп, ереклей есерленіп, тіпті риза болды. Басымнан, кекілімнен сипап: «Продолжай учиться в консерваторий, приезжай Ленинград» деп орыс тілінде жымия, жылы сөйлеп бата тәрізді ақ жол тіледі. Осылайша домбырамның арқасында әп сәтте Мартинсон деген жақсы аға тауып алғамын Мына суреттер 49 жыл бұрынғы Қарағандыдағы сол сәттен қалған естелік. Бұл күндері ол кісі бар ма, жоқ па, білмеймін.

Жарқын ШӘКӘРІМ

Қарағанды қаласы,

Қарағанды музыкалық училищесінің 3 курс студенті. 1967 жыл

 

601 рет оқылған
Пікірлер саны: 1
avatar
1
Мартинсон білген ғой сіздің болашақта тегін адам болмайтыныңызды! Үмітін ақтадыңыз деп ойлаймын!
omForm">
avatar
Хостинг от uCoz