Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Бейсенбі, 02.05.2024
Басты бет » 2019 » Наурыз » 6 » Таласбек еріп соңымнан...
18:55
Таласбек еріп соңымнан...

 

Таласбек Әсемқұлов:

- 73 жылы мен арман арқалаған он жеті жасар бозбала, Алматыға келдім. Өзімнің нағашы атам және ұстазым Жүнісбайдың тапсырмасымен Жарқын Шәкәрімовты іздеп таптым. Ол кезде бүкіл одақтағы күйтабақты «Мелодия» фирмасы жалғыз шығарады. Фирманың редакциясы М.Әуезов атындағы бас театрдың үшінші қабатында екен. Жарқын ағаммен танысып, арқа-жарқа болып отырмыз. Аздан соң қолыма домбыра ұстатты. Бірнеше күйді шертіп бердім.
Жәкең қатты риза болып «Қой, мен сені Асекеңе көрсетпесем болмайды екен» деп мені дәліздің басқа бір қалтарысындағы бөлмеге ертіп барды. Орақ мұрын, қараторы өңді, әдемі адам, плащы мен шляпасын киіп, қолына папкасын ұстап енді шығайын деп жатыр екен.
– Асеке, – деді Жарқын ағам, – Мына бала ауылдан келген екен. Домбырашы. Бір тыңдап кетіңізші.
– Бұл Асқар Сүлейменов деген ағаң болады, – деді содан соң маған бұрылып, – Осы театрда қызмет етеді.
Қол алысып таныстық.
– Ал, кәне, ильхамыңды көрейік, – деді Асекең тікесінен тік тұрған күйі.
Әуеліде Байжігіттің бір күйін шерттім. Папкасын үстел үстіне қойып тыңдады. Содан кейін сәл үңіліңкіреп:
– Тәттімбеттен не білесің? – деді.
Тәттімбеттің «Зар Қосбасарын» шерттім. Енді Асекең киімін шешіп орындыққа орнығып отырып тыңдады. Күй кеші ұзаққа созылды. Мені жаңа танысымның күй турасындағы білгірлігі мен эрудициясы ғана емес, сондай-ақ, аз сөйлеп, көп мағына жеткізе алатын дағдысы қайран қалдырды.

 

«Алматы ақшамы» газеті, №15,16, 31-қаңтар, 2-ақпан, 2012 жыл.

509 рет оқылған
Пікірлер саны: 0
omForm">
avatar
Хостинг от uCoz