Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Дүйсенбі, 06.05.2024
Басты бет » Лебіздер

Барлық лебіздер саны: 16
Осы беттегі лебіздер: 11-16
Беттер: « 1 2

«Автор ұлы әншінің дауысы жазылған пленканы табуда үлкен жұмыстар жүргізген. Кітапта өз оқушысын желпіндіріп отыратын айшықты тіл мен жігерлі сарын бар, атақты әншіге деген автордың ыстық ықыласы кітаптың өнебойын есіп тұр».

Алғаш жарыққа шыққан «Әміре» атты кітабымның редакторы ретінде Ескен Елубаевтың жазған пікірі.

1976 жыл, 15 қараша 

Лебіздер | 455 рет оқылды | 09.06.2016

«Соңғы он жылда Әміренің өмір жолын зерттеу кеңінен қолға алынып отыр. Оған үлкен себепкер болып жүрген музыка зерттеуші – Жарқын Шәкәрімов. Ол әміре жайлы деректер жинап, оны қазақ және орыс тілдерінде кітап етіп шығарды. Москва архивінен Әміренің дауысы жазылған валигін тауып, оны күйтабақ етіп шығарды».

«Қазақ әдебиеті» газеті, 1985 жыл, 23 тамыз

Лебіздер | 464 рет оқылды | 09.06.2016

"Жарқын ХХ ғасырдың орта тұсында, Таскескен ауылының көне тарихындағы тас мұралары мәдениетін ашты. Одан соң Таскескен ауылы жастарынан құрылған ауыл театрын ұйымдастырды. Одан соң әйгілі «Сазген» фольклорлық ансамблін ұйымдастырды. Одан соң Мәдидің жалғыз сақталған  фотосуретін тапты. Одан соң Әміре Қашаубаевтың әндері жазылған фонограф таспасын тауып сенсация жасады. Жарқын Таскескен ауылынан түлеп ұшқан біздің сыныптасымыз. Жерлестері  Жарқынның әрбір жаңалықтары мен ерен еңбектерін әрдайым мақтан тұтады".

Сыныптасы Көкенай Кәкібаланың айтқан сөзі.

Лебіздер | 378 рет оқылды | 09.06.2016

Құныттап, күтіп Москва сақтап жатыпты,

Керек кезінде депті де тауып жұрт алар.

 

Бағыттап едің өміршең өткір нұрыңды,

Өшкенім жанып, өлгенім қайта тірілді,

Москвам маңғаз күтіпсің үнсіз сабырмен,

Жалықпай іздер қажымас қайсар бір ұлды.

 

Қазнаға асыл қазақтың тыншын кетірген,

Тулатып жүрек тигенде қолы шетінен.

Қуаныш жасы Жарқынның шыққан көзінен,

Аққандай болды шаттанып менің бетімнен,-

Оразақын Асқар. «Балқарағай» кітабы, «Әміренің әні» поэмасынан үзінді. 1981 жыл, 85 бет.

Лебіздер | 534 рет оқылды | 08.06.2016

ЖАРҚЫН ШӘКӘРІМ МӘСКЕУДІ ДЕ МОЙЫНДАТТЫ

1974 жылы Әміренің орындауындағы, фонографқа жазылған 7 әнін тапқанымда Ресей жұртшылығы да таңданып атап өтті. Осының бір куәсі 1975 жылы Мәскеуде шыққан «Неделя» газетінде жоғарыдағыдай мақала жарияланды.

Лебіздер | 450 рет оқылды | 08.06.2016

«Қазақтың «Шаляпинін» фонографиялық валикте сақталған әндерін дыбыс жазу арқылы жеке күйтабаққа көшірген сол кезде отызға да толмаған Жарқын Шәкәрімовтың жанкешті еңбегін ұлы ерлікке сай деп есептеймін».

«Заман Қазақстан» газетінде, 1999 жылдың, 14 мамыр күнгі санындағы «Мәдениетіміздегі үш ерлік» деген мақаласында жарияланды.

Лебіздер | 418 рет оқылды | 08.06.2016

1-10 11-16
Хостинг от uCoz