Қош келдіңіз Тіркелу RSS

Жарқын Шәкәрім | Авторлық сайт

Бейсенбі, 02.05.2024
Басты бет » Жаңалықтар
« 1 2 ... 4 5 6 7 »

МҰСТАФАНЫҢ МАҒАН КЕЛУІ

МҰСТАФАНЫҢ МАҒАН КЕЛУІ

 

Қазақ ССР-ның Мәдениет министрі Жексенбек Еркімбеков 1980 жылдың 4 қыркүйек күні, №556 бұйрығымен мені жаңадан ашылған Республикалық халық музыка аспатары музейінің директоры етіп тағайындағаны сол еді, қызмет бөлмеме сол заманның небір адамдары әртүрлі жұмыс бабымен келе бастады. Күндердің бір күнінде қара теріден (кожаный)  тобығына дейін жететін ұзын плащ киген, тері белбеулі, көк галифа шалбарлы, жылтыратып кремдеген офицер етік киген орта жастығы адам келіп менімен танысып, құтты болсын айтып, өзінің жұмыс бабын баяндады. 

Толығырақ

СЕРГЕЙ МАРТИНСОН БАЛА КЕЗІМДЕ БАТА БЕРДІ

СЕРГЕЙ  МАРТИНСОН  БАЛА КЕЗІМДЕ БАТА БЕРДІ

Шахтерлер шақыруымен ХХ ғасырдың 1967 жылы Қарағандыға сол кездегі Ленинград деген қаладан әлемді дүрілдеткен Кеңестер Одағының ең үлкен кино әртісі Мартинсон дегеннің келе қалмасы бар ма. Келе сала балалардың өнерін тамашалймын деп біздің музыкалық училищеге бас сұқты.

 – Ал баста күйлеріңді деді, училищеміздің директоры Төлеген Тоқтаров деген ағамыз. Мен ортаға шығып Шыңжаңның Шағантоғайының шаң жұқтырмас жорғасындай сол өңірге аты танылған, бал бармақты күйшісі Сапаржан Торсықбайдың «Маңғабыл» күйін орындап бергенім  сол еді, 

Толығырақ

43 ЖЫЛ БОЙЫ ЖАРЫҚ КӨРМЕЙ ЖАТЫП ҚАЛҒАН МАҚАЛА

43 ЖЫЛ БОЙЫ ЖАРЫҚ КӨРМЕЙ ЖАТЫП ҚАЛҒАН МАҚАЛА

Осыдан 43 жыл бұрын «Тас мүсіндер және таңбалытас қазынасы» деген мақаламды жарияласаңыздар екен» деп «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясына апарып тапсырдым. Газеттегілер бұл жазған мақаламды  1973 жылдың 14 мамыр күні, 33 нөмірмен тіркеген. Ол кезде өзім студент едім. 25 жастамын. Өмір деген қызық қой. Жалындаған жастық шағымда өзімше жігер танытып жазған сол мақалам жарыққа шығады, халыққа жетеді деп куанып жүргенімде күндер өтті, айлар өтті, тіпті жылдар өтті. Сонымен мақалам жарыққа шықпай жабулы қазан күйнде қалып қойды. Жарыққа шықпай қалған мақаламды, өмірде болып жататын көп өкініштерімнің бірі ғой деп, өзімді өзім жұбатқанмын.

Толығырақ

Мәдидің фото-суретін тапқан едім

ХХ ғасыр. 1968 жылы тұңғыш рет Мәдидің белгісіз жатқан суретін таптым. Газетке жарияладым. Содан бері 48 жыл өтіпті.

Толығырақ

КЕНЖЕГҮЛ МЕН ДМИТРИЙДІҢ МАҒАН КЕЛУІ

КЕНЖЕГҮЛ  МЕН  ДМИТРИЙДІҢ  МАҒАН  КЕЛУІ

Деректi  әңгiме

     

Әншi Кенжегүлдiң есiмi – елге таныс.   Ол орыс күйеуiн ертiп алып  ел аралап ән салады.  Күйеуiнiң есiмi  - Дмитрий.

Ол Кенжегүлдiң айтқан әнiн баянмен сүйемелдейдi. Гармоншы.                                   -Қазаққа зауқы соқпаған ба, орысы несi, деп жақтырмапты, бұларды ауылға алғаш келгенде. Сөйтсек Кенжегүлдiң iшкi есебi бар екен. Дмитрий артық сөйлемейдi. Бiрдi-екiге соғатын өсек аяңнан аулақ. 

Толығырақ

Әбікен Хасеновтың күйтабағын шығарған Рахманқұл Бердібаев екеуіміз

Рахаң – Рахманқұл Бердібаев, Мұхтар Әуезовтың музейінің ішіндегі үлкен бір залдан қалалық халық университетін ашып, ұлтымыздың туын көтеріп, ескілікті әндеріміз бен күйлерімізді шығарып Әлкей Марғұланнан бастап, Серке Қожамқұловқа дейін, тіпті Қарақалпақтан жыршы-жырауларды шақырып, Болат Сарыбаевқа көне күйлерді орындатып, Таласбек Әсемқұловқа Байжігіт күйлерін орындатып, апта сайын басқосу өткізіп тұратын жылдары болатын. 

Толығырақ

Ел еркесі Секенмен суретке түскен сәт

Ел еркесі Секенмен суретке түске сәт.

Толығырақ
1-7 8-14 ... 22-28 29-35 36-42 43-46

Қадірлі ғаламтор оқырмандары, «Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» сайтының көрермендері! 

Алла берген уақыт еншісінде туған жеріме, туған еліме, қазақ аспанына сүйсініп өстім. Қазақ деген ұлы халықтың ұлы болып жаратылғаныма, Ұлы дала елі қасиетін бойыма дарытқаныма өзімді шексіз бақытты санаймын. Көзіміз көріп отырған өркениет өрісіндегі ғаламтор деген өрмекшінің торындай, осы бір адам түсініп болмайтын дүниенің маңыздылығын сезіне отырып, атадан дарыған ғұмырымның келбетін, көргендерім мен түйгендерімді, білгендерімді осы ғаламтордағы өзімнің атымдағы жеке сайт арқылы өздеріңіздің алдыңызға ақ ниетпен жайып отырмын. «Өмір  өтер, керуен кетер» деген ата салтындағы уәж әрқашан ойымда жүреді. Сондықтан аға буан ұрпақтың өтіп бара жатқан легі, ұзаған сайын Абай атамыз: «Ақырын, ақырын шегініп, алыстап кетті ау құрғырлар» дегендегісіндей көмескіленіп көрінбей бара жатқаны шығар күндей шындық. «Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады. Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шығады» деген толғаныс, тебіреністер болмай тұрмайды. Қазақ жұртының алыптары Әлкей Марғұлан, Серәлі Қожамқұлов, Сара Есова, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин, Рахманқұл Бердібаев, Рымғали Нұрғалиевтер менің жігіт кезімде ақ баталарын берді. Ақ тілеу баталар мені  әлі күнге алға жетелеу үстінде келеді. Баталы қарттардың ақ пейілдерімен нарық деген мына заманға да жетіп аяңдап келемін. Қазақ Елі деген Ұлы Отаныма мысқалдай да болса үлес қоса алсам, із қалдыра алсам, менің айтқан сөздерім келер ұрпаққа мысқалдай да болса жетсе, бұл өмірдегі ұстанған принциптерімнің орындалғаны деп санаймын.
Менің сайтым – менің кітабым. Осы жазғандарым сөз жоқ баспадан кітап болып жарық көрмек. 
Құрметті оқырмандар! 
«Zharkyn Shakarim | Жарқын Шәкәрім» – сайтынан көріп оқитындарыңыз менің өмір жайлауымдағы, жеке шығармашылық бел-белестерімнің бір ғана шеті болмақ. Жастайымнан жазғандарым, ұшталған ойларым, ұшан теңіз. Сондықтан да талай-талай ізгі дүниелерімді  аманшылық болса алдағы уақытта менің есімімдегі осы жеке сайт арқылы бір-бірлеп оқитын боласыздыр. Өздеріңізге бек сенімдімін әрі тілектеспін!

01.01.2016

 

Құрметті көрермендер және оқырмандар!
Менің төмендегі өтінішімді қабыл алыңыздар!
Оның мәні:  
Менің сайтымдағы материалдарға үн қатар болсаңыз,  парасатты әрі таразыланған пікір қалдыруға шақырамын.
Ненормативті лексикадан және жеке басқа қатысты, діни, ұлттық, саяси, жарнама және басқа да сипаттағы кемсітулерден аулақ болсаңыз екен деймін.
Заңға қайшы пікір қалдырудағы жеке жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз.
Менің, өз басым өшпенділікке, ұлтаралық алауыздық пен экстремизмді үндеуге қарсымын. Сол себепті мұндай жағдайда пікірді себебін түсіндірмей-ақ өшіруге және материалдарға пікір қалдыру мүмкіндігін кез келген сәтте тоқтатуға құқылымын.
Ізгі ниетпен Жарқын Шәкәрім.

 

 

Хостинг от uCoz